$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2023, 16:55
Қоғам

Әскерге шақырылған 2500-ден астам сарбаздың несиесі кейінге шегерілді

Білім беру жеңілдіктері де қарастырылған

Әскерге шақырылған 2500-ден астам сарбаздың несиесі кейінге шегерілді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте несиесі кейінге шегерілетін сарбаздар туралы айты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды ұйымдастырды. Бүгінгі таңда 2600-ден астам мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың барлық санынан қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін уақыт берілді», - деді ол.

Ахмедиев атағандай, жобаның ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, жеке өтінішсіз проактивті форматта кредиттік демалыстарды ұсыну алгоритмі әзірленді, бұл кредиттік міндеттемелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды неғұрлым жедел ұсынуға мүмкіндік береді және мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін 100% қамтуға кепілдік береді.

«Бұл алгоритм даму сатысында. Сонымен қатар білім беру жеңілдіктерін беру арқылы мерзімді әскери қызметтің уәждемесін арттыру бойынша «Срочники 2.0» жобасы іске асырылды», - деді Дархан Ахмедиев.

Серіктес жаңалықтары