26.07.2023, 12:17
Қоғам
Грекияда өрт сөндіретін ұшақ апатқа ұшырады
Апат сәтін жергілікті журналистер видеоға түсіріп алған
Грекияның оңтүстігінде өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырады. Ол орман өртін сөндіру кезінде таулы жерде құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қайғылы оқиға Эвбея аралында болды. Апат сәтін жергілікті журналистер видеоға түсірген. Ұшақ төмендеген кезде ағаштарға соғылған.
Қос моторлы Canadair ұшағы Оңтүстік Еуропа елдерінде отпен күресу үшін кеңінен қолданылады. Эвбейде ол жексенбіде басталған өртті тағы екі ұшақпен қатар сөндірген.
Ұшақ жету қиын таулы жерлерде құлап, оны іздеу үшін тікұшақтарды тартуға тура келді.
Ұшақты басқарған ұшқыштар әскери болған. Олардың өлімі елдің қорғаныс министрлігінде расталды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды