$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2023, 12:59
Қоғам

ШҚО-да бақылау камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды

1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдікті анықталды

ШҚО-да бақылау камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды

Өскемендегі дәмханалардың бірінің маңында бір топ адам жаға жыртысып, дау полицияның араласуымен наяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

9 шілде Өскемен қаласының полициясына қала тұрғыны дәмханалардың бірінің маңында бірнеше белгісіз адамдардың дене жарақатын салғанын айтып, арызданған.

Полиция қызметкерлері ЖБО операторларымен 1996, 1992 және 1996 жылы туған үш күдіктіні анықтады, біраз уақыттан кейін ұсталды.

«Олар өз кінәсін мойындады. Ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары