Абай облысында 9 жастағы бала зорланды
Баланы әкесінің өгей інісі зорлаған

2023 жылдың 20 шілдесінде Абай облысында 9 жасар бала зорланды. Жан түршігерлік оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәріге зардап шеккен баланың әкесі айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол өзінің жазбасында медициналық мекемеде тексерістен кейін балада жарақаттар, көптеген гематома мен шырышты қабығының жарылуы, көгерулер тіркелгені айтылған.
«Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам баланың аузын жауып ұстап тұрған, егер бала біреуге айтса, оны өлтіремін деп қорқытып, көмекке шақыруға жол бермеген»,-деп жазды ол.
Абай облысы полициясының баспасөз қызметі бұл факт бойынша Үржар полиция бөлімінде ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлімі бойынша көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.
«Қазіргі уақытта қылмыстық істің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданады», - деді Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды.
«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілмейді», - деп қорытындылады полиция департаменті.