$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2023, 11:47
Қоғам

ТЖМ комитетінің басшысы мен лауазымды тұлғаларын күзетпен ұстауға санкция берілді

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

ТЖМ комитетінің басшысы мен лауазымды тұлғаларын күзетпен ұстауға санкция берілді
Фото ашық дереккөзден

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтары қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Басқа да жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатыстығы тексеріліп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді мамандар.

Еске салайық, өткен аптада аталған тұлғалар 4 млн теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Серіктес жаңалықтары