ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Алматы облысына Алматыдан келген тұрғындар да карантинге жатқызылады – әкімдік

Карантин уақыты 14 күнді құрайды

Әсет Құндақбаев

Алматы облысында 136 адам карантинге алынды. Олардың 58-і стационарлық, ал тағы 78 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр. Оқшауланған азаматтардың денсаулығы бірқалыпты.

COVID-19 вирусына қарсы 113 адамнан тест алынғанымен, барлығынан теріс нәтиже шыққан. 1 А санатына кіретін мемлекеттер, яғни Германия, Франция мен Италиядан облыс аумағына 6 адам келгені анықталған.

Бүгіннен бастап Алматыдан шыққан тұрғындар да карантинге жатқызылады. Мұндай шешімді Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдаған. Алматының карантинге жабылуына байланысты мегаполисте жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары мен қаладан шыққан азаматтар үшін 14 күндік міндетті үй карантині туралы қаулы қабылдады.

«Облыстың бас санитары Қайрат Баймұхамбетов қол қойған құжат Алматыдан Талдықорғанға келген барлық азаматтарды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді. Денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон байланысы арқылы келген тұрғындарға бақылау жасайды. Сондай-ақ, бүгіннен бастап тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданады және өңдеу мен фумигациядан өткізіледі. Герметикалық қаптамасы жоқ жүктерді тасымалдауға тыйым салынған. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.