ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Шет елдерде туристік сапармен жүрген Қазақстанның 1 350 азаматы елге оралды

Қоғамдық қор тағы 5 914 туристі шығаруды жоспарлап отыр

Үкіметтің туристік мақсатпен шетелге шыққан азаматтарды шұғыл қайтару туралы шешіміне байланысты «Туристік Қамқор» ҚҚ туристерінің құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшілігі отандастарымызды қайтару процесін бастады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді.

2020 жылдың 17-19 наурызы аралығында Қазақстан аумағына 1350 турист қайтарылды, 32 туристке жеке түрде авиабилеттер сатып алынды. Қор есебінен 5 914 туристі шығару жоспарлануда.

«Бортты әуеге көтеру – оңай іс емес, ал ТЖ жағдайында  шекаралардың, транзиттік аймақтардың барлық жерде жабылуына, валюта бағамының өзгеруіне және тағы басқа мәселелерге байланысты бұл жұмыс одан әрі күрделене түседі», - деп атап өтті қор төрағасы Ирина Рей.

Бұл қорғау шарасы 11-13 таңбалы коды бар туристерге ғана арналған.

Шетелде қиын жағдайға тап болған барлық турист 8 (7172) 279112 жедел желі нөмірі бойынша хабарласа алады немесе www.fondkamkor.kz сайтына кіріп, «Туристке шұғыл көмек» формасын толтыра алады.