Мексикада автобус апатқа ұшырап, 30-ға тарта адам қаза тапты
19 адам жарақат алған
Мексиканың оңтүстігіндегі Оаксака штатында автобус шатқалға құлап, 29 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларда тік жартастың етегінде бүйірінен жеңіл көлік сынықтары жатқанын, жақын жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатқанын көруге болады.
Прокуратураның мәліметінше, 15 әйел қайтыс болды. Оның екеуі ауруханаға жатқызу кезінде қайтыс болған. Сонымен қатар 13 ер адам мен бір бала қаза тапқан. Алғашқы ресми хабарда қаза тапқандар саны 27, жараланғандар саны 17 деп көрсетілген.
Апаттың себебін анықтау үшін тергеу басталды. Алғашқы белгілері ретінде механикалық ақау болған деген дерек бар. Сонымен қатар уәкілетті орган автобустың бақылау камерасына түсірілген кадрларды жариялады.