БТР мен қаруланған әскерилер: Нұр-Сұлтан маңындағы бекеттен фотореп

Azattyq Rýhy агенттігі №1 блок-бекеттен фоторепортаж ұсынады

БТР мен қаруланған әскерилер: Нұр-Сұлтан маңындағы бекеттен фотореп

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантин енгізілді. 22 наурыздан бастап барлық санаттағы тұрғындарға қала аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен мәлімдеді.

22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласына көліктің кез келген түрімен кіріп-шығуға тыйым салынады.

«22 наурыз сағат 00.00-де елордаға кіретін және шығатын жолдар жабық болады.  Көлік кептелісі мен кезекте тұруды болдырмау үшін қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала тиісті шаралар қабылдауға кеңес береміз. Блок-бекеттердегі полиция қызметкерлеріне көрсету үшін өздеріңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттарыңызды алып жүруді ұмытпаңыздар», - деп ескертті қалалық полиция департаменті.

Қазір полиция қызметкерлері қалаға кірген, шыққан көліктерді мұқият тексеріп, 22 наурыздан кейін қозғалыс шектелетінін ескертіп жатыр.

Әскерилерге бақылау бекеттерінде арнайы шатыр тігілген. Сол жерде кезекпен ас-су ішеді. Қаладан шыққысы келген көліктер кеше Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан шыға берісте ұзын-сонар кептеліс туғызды. Қазір кептеліс азайған.

Қала периметрі бойынша тұрғындардың қозғалысы мен көліктердің кіріп-шығуын шектеу үшін қала шеңберінде 6 блок-бекет орнатылды, қосымша Ақмола облысына тағы 1 блок-бекет орнатылды.

  • № 1 блок-бекет – «Екатеринбург-Алматы» бағытындағы жолда (Талапкер елдімекені орналасқан аудан);
  • № 2 блок-бекет – «Нұр-Сұлтан -Петропавл» бағытындағы жолда;
  • № 3  блок-бекет - «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» бағытындағы жолда (Қоянды орналасқан аудан);
  • № 4 блок-бекет - «Нұр-Сұлтан – Қорғалжын» бағытындағы жолда (Шығыс Ильинка орналасқан аудан);
  • № 5 блок-бекет - «Нұр-Сұлтан – Киевка - Теміртау» бағытындағы жолда (Қосшы ауылы орналасқан аудан);
  • № 6 блок-бекет – «Екатеринбург – Алматы» бағытындағы жолда (Жібек жолы орналасқан аудан);  
  • № 7 блок-бекет -  Нұр-Сұлтан қаласында айналма жолында.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.