$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.07.2023, 09:54
Қоғам

270 млн теңге залал келтірген: Қазақстанда спорт саласына қатысты 21 іс тергеліп жатыр

2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген

270 млн теңге залал келтірген: Қазақстанда спорт саласына қатысты 21 іс тергеліп жатыр
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Қаржылық мониторинг агенттігі дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Агенттік мәліметінше, спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылды. Сондай-ақ саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«2023 жылдың 6 айында ғана Агенттікте жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергелуде. Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да заңбұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заңбұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.

ҚМА мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары