03.07.2023, 07:32
Қоғам
Илон Маск твиттердегі жазба санына шектеу қойды
Бірақ бұл уақытша шектеу
Фото: yarnovosti.com
Твиттер иесі Илон Маск әлеуметтік желіде оқуға болатын жазбалар санына шектеу қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің парақшасында мәлімдеді. Яғни верификациядан өтпеген қолданушылар енді тәулігіне 1 мың жазба ғана оқи алады.
Ал тексеруден өткендер 10 мың жарияланымды көруге мүмкіндігі бар. Өз кезегінде әлеуметтік желіге жаңадан тіркелген пайдаланушыларға күніне 500 жазба ғана көрінеді.
Бірақ бұл уақытша шектеу. Илон Масктың айтуынша, мұндай шешім деректерді жинау мен жүйені манипуляциялау әрекеттеріне байланысты қабылданған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды