Өзбекстанда президент сайлауында халық мерзімінен бұрын дауыс беріп жатыр

Azattyq Rýhy

Мерзімінен бұрын дауыс беру сайлауға он күн қалғанда басталған еді

Өзбекстанда президент сайлауында халық мерзімінен бұрын дауыс беріп жатыр

 

Өзбекстанда 28 маусым мен 5 шілде аралығында президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Елдің сайлау кодексіне сәйкес, сайлау күні, яғни 9 шілдеде тұрғылықты жері бойынша (іссапар, демалыс, емдеу, шетелге шығу және т.б.) бола алмайтын сайлаушыларға өз таңдауын мерзімінен бұрын жасауға мүмкіндік беріледі.

Мерзімінен бұрын дауыс беру сайлауға он күн қалғанда - 28 маусымда басталып, жалпы дауыс беру күніне үш күн қалғанда - 5 шілдеде аяқталады.

ОСК мәліметтінше, сайлау учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беру уақыты жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 11:00-ден 17:00-ге дейін.

Мерзімінен бұрын дауыс беруді жүзеге асыру үшін сайлаушы сайлау күні болмау себебін көрсете отырып, өтініш негізінде учаскелік комиссияда сайлау бюллетенін алады.

Тиісті учаскелік комиссияның кемінде екі мүшесінің қатысуымен сайлаушы сайлау бюллетенін сайлаушылар тізімінен алғанына қол қояды.

Сайлаушы бюллетеньді жасырын дауыс беру кабинасында толтырып, оны конвертке салып, жабыстырады.

Учаскелік комиссияның екі мүшесінің қолымен және комиссияның мөрімен расталған конверт 9 шілдеге дейін арнайы сейфте сақталады.

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 9 шілдеде мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлау туралы жариялаған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.