02.07.2023, 16:40
Қоғам
Астанада 36 адамды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды
Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды
Астанада мемлекеттік бағдарламамен баспана алып беруді уәде еткен алаяқ әйел ұсталды. Жәбірленушінің біреуі оған 13,5 миллион теңгесін бере салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
38 жастағы әйел 36 адамды алдап кетті. Барлығына мемлекеттік органдар мен банктерде таныстырым бар деп айтқан. Солар арқылы баспана алып беруге уәде еткен. Сарыарқа ауданында тұратын бір адам алаяқ 13,5 млн теңгесін бере салған.
Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық, ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады