$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2023, 11:21
Қоғам

Максим Рожин: «AMANAT» партиясының форумы – мәслихат пен мәжіліс депутаттары үшін коммуникация алаңы

Кеше Астанада еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналды

Максим Рожин: «AMANAT» партиясының форумы – мәслихат пен мәжіліс депутаттары үшін коммуникация алаңы
Фото ашық дереккөзден

Максим Рожин «AMANAT» партиясының форумы коммуникация үшін, тәжірбие алмасу үшін үшін жақсы алаң екенін айтты. Ол бұл бірінші кезекті мәслихат депутаттары үшін аса пайдалы деген пікірде.

«Маңызды шара деп ойлаймын, бірінші кезекте мәслихат депутаттары үшін аса пайдалы. Бұл коммуникация үшін жақсы алаң, тәжірибе алмасу үшін, жергілікті мәселелерді шешу жолдарын анықтау, тиімді тәсілдерді іздеуге көмек болады деп есептеймін», - деді ол.

Халық қалаулысының сөзінше, депутаттар шырылдап елдің аманатын арқалап келеді, шырылдап сол мәселенің шешімін іздеп жүреді.

«Сол үшін осы секілді алаңдар бізге керек. Тіпті мен басқа да парламенттік партиялар үшін осы секілді құралдар қажет-ақ деп ойлаймын», - деді Рожин.

Ол сондай-ақ партияластарын артылған сенімді ақтауға шақырды.

«Біздің партиямызға берілген сенім, біз сол сенімді ақтауымыз керек. Жәй адамға кешірілетін қателік «AMANAT» партиясының өкіліне, Мәслихат/Мәжіліс депутатына кешірілмейді. Демек халықтың сенімінен шығу – әр депутаттың басты мақсаты», - деді ол.

Рожин шараны пайдаланып арнайы тақырыптық маңдайшаларда көптің көкейінде жүрген мәселелерге қатысты бағалау мүмкіндігі берілгенін тілге тиек етті. Ол форумды әлеуметтік зерттеуге теңеді.

«Өз мәселелерін қосуға да мүмкіндік бар. Зерттеп қарасақ, ел ауызында жүрген осындағы мәселелердің көбін жергілікті мәслихатта қаралмайды емес, қаралады», - деді Максим Рожин.

Оның сөзінше, бас қосып мәселелердің шешімін іздеу, күш біріктіру осы уақытқа дейін қолға алынбаған. Осы себептен де панель сессияларында сұрақ қойғысы келген мәслихат депутаттары көп болғанын айтады.

Депутат сондай-ақ, жергілікті жердегі проблемаларды мәслихат депутатымен бірлесіп шешу аса маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, мәселе осы алгоритммен тезірек шешіледі. Ол мұндай тәжірбиені жасап көргенін айтты.

«Дәл осындай коллаборациямен елордада Астана қаласы мәслихатының депутаты Мадина Ажикенова әріптесіммен, Белла Газдиева әріптесіммен мәселені шешу бұйырды. Сондықтан бұл бағыттағы әріптестік жалғасса елге, халыққа тек пайдасы тиеді», - деді ол.

Айта кетейік, кеше Астанада еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналды. Форумға жалпы 2500-ден астам партияластар қатысты. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары