27.06.2023, 23:34
Қоғам
Маңғыстауда өзінің 3 баласын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Ер адам өкініп, кінәсін мойындады
Фото ашық дереккөзден
Маңғыстауда өзінің 3 кішкентай баласын аса қатігездікпен өлтірген ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сот үкімімен Е. есімді азамат ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәмелет жасына толмаған балаларға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, өмір бойына сотталды», – деп хабарлады облыстық сот.
Ол 3 баласын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Соттың мәліметінше, ер адам балта және пышақпен қаруланып, үйге келген соң аса қатыгездікпен өзінің 3 баласын өлтіріп тастаған.
Ер адам өкініп, кінәсін мойындады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды