$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2020, 17:33
Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласының айналасына 6 бақылау бекеті қойылды

Бүгін түнде елорда карантинге жабылады

Нұр-Сұлтан қаласының айналасына 6 бақылау бекеті қойылды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов қалада енгізілетін карантин уақытындағы қоғамдық тәртіп пен бақылау бекеттері туралы түсінік берді. Оның айтуынша, полиция қызметтік атқарудың ерекше күшейтілген режиміне көшті. Қаланың айналасына 6 қадағалау бекеті орнатылған. 19 наурыз түнгі 00:00-ден бастап автокөліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізіледі.

«Оған тәулік бойы Қорғаныс министрлігінің әскерлерімен бірге полиция қызметкерлері жұмыс жасайды. Бұл бекеттер Елорда маңындағы Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер және Қоянды ауылдарының маңында орналасқан», - деді Е.Сәденов.

Сонымен қатар, ол медициналық емделу, тексерілу, карантин режимін бұзып жүрген азаматтарды бақылауға алып, жауапқа тартылатынын ескертті. Жалған мәлімет таратқандар да жазасыз қалмайды.

«Әлеуметтік желілерде, WhatsApp арқылы жалған ақпарат тарату фактілері анықталды. Оның авторлары мен таратушылары жауапкершілікке тартылады. Департамент коронавируске байланысты жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді»,- деді ол.

Еске салайық, бүгін түнгі 00:00- ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантиндік режимге көшеді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары