$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2020, 17:37
Қоғам

Алматыдан тысқары жүргендердің қалаға кіріп үлгеруіне 72 сағат беріледі – Қожағапанов

Бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізіледі

Алматыдан тысқары жүргендердің қалаға кіріп үлгеруіне 72 сағат беріледі – Қожағапанов

Алматыда жүрген өзге өңір тұрғындары бүгін түнгі сағат 00:00-ге дейін қаладан шығып кетуі тиіс. Ал, қаладан тысқары жүргендердің үйіне оралуына бүгін түннен бастап 72 сағат уақыты бар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

«Алматыда төтенше жағдайға байланысты бүгін түнгі 00:00-ден бастап 72 сағат ішінде қала сыртында жүргендер кіріп үлгеруі керек. Ал қалада қалғандар 19.03.2020 жылы сағат 00:00-ге дейін шығып кетуге міндетті. Ал 22.03.2020 ж. түнгі сағат 00:00-де блок-бекеттерде барлық қозғалыстар толық тоқтайды. Демек, 21.03.2020 жылы сағат 23:59-да Алматының барлық қақпасы жабылады», - деді Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Сол сияқты, 22 наурыз күні Алматыға келіп-кететін жолаушыларға арналған теміржол құрамдары тоқтамақ. Ал, қала тұрғындары үшін ішкі қозғалысқа шектеу болмайды. Бірақ, тұрғындарға үйде отыруға, толықтай оқшаулануға кеңес беріледі. Қоғамдық көліктер тоқтамайды, бірақ автобустардың жүру жиілігі (интервалдар) әдеттегіден ұзайды.

«Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет жүргізушілері қала аумағына уақытша орналастырылатын болады. Осыған орай, кәсіпорындарға қазірден бастап штаттық құрамды уақытша оңтайландыруды және барлық мәселелерді заңды негізде ретке келтіруді ұсынамыз», - деді Е. Қожағапанов.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары