Төреғали Төреәлі тағы бір әкімшілік жазаға кесілді
Ол полицияның заңды талабын орындамағаны үшін қосымша жазаға тартылады
Танымал әнші Төреғали Төрәлі полицияның заңды талабын орындамағаны үшін қосымша әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат А-ға қатысты ӘҚКо 613-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қаралды.
«2023 жылы 14 маусымда өткенде сот отырысында сот азамат А-ның полицияның заңды талабын орындамағанын анықтады. Сот отырысында тәртіп бұзушы іс материалдарында тіркелген фактілерді ішінара нақтылады. Сот қаулысына сәйкес, азамат А. жоғарыда аталған бапта қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді деп танылып, оған үш тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», делінген сот хабарламасында.