21.06.2023, 20:30
Қоғам
Премьер-министр кішкентай Әлиханның тұсауын кесті
Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүр
Фото: Baq.kz
Премьер-министр маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген Үкімет басшысы өңір тұрғынының өтінішін жерге тастамай, бір жасар Әлихан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті.
«Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, Премьер-министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз», дейді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов.
Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тіледі.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)