СҚО-да жыл соңына дейін 24 мың жұмыс орны ашылмақ
Биыл 7 900 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Орталық коомуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жалпы, өңірде жұмыспен қамтуға және халықтың табысын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны 18% - ға қысқарды. Бес айда 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 7 900 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 24 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейінің 4,7% – ға дейін төмендеуі күтіліп отыр», - деді ол.
Әкім денсаулық саласындағы жаңалықтар туралы да айтты.жұмысқа
«Жалпы өлім-жітім деңгейі 16% - ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан - 12% - ға, инсультен -24% - ға, туберкулездің таралуынан-5% - ға төмендеді. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 56% - ға ұлғайды.Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында өңірде 46 медициналық нысан салу жоспарланған. Бұл ФАП, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер.Кешенді даму жоспарын» іске асыру шеңберінде күзде Петропавлдағы «Жас Өркен» және «Береке» шағын аудандарында ауысымына 250 адам қабылдайтын 2 емхана ашылады. Аудан орталығында 250 адам қабылдайтын емхананың құрылысы басталды», - деді ол.