20.06.2023, 23:27
Қоғам
Қазақ-қытай шекарасы уақытша жабылады
Оған себеп - Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы
Фото: almaty.tv
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылатынын ескертті, деп деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҰҚК шекара қызметі Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес 22 маусымда шекара бекеттері жабық болатынын хабарлады.
Оған себеп - Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы (Дуань-у).
«Осыған байланысты 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктілерінде адамдар, көлік, жүк пен тауар өткізілмейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», деп ескертеді комитеттен.
Теміржолдағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады