$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2023, 23:18
Қоғам

Алматыда массаж салоны атын жамылған тағы бір жезөкшелер ордасы анықталды

Тексеру барысында «жұмыс орнында» бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды

Алматыда массаж салоны атын жамылған тағы бір жезөкшелер ордасы анықталды
Фото: kaz.zakon.kz

Алматыда полицейлер тұрғын үй кешенінде интимдік қызмет көрсеткен массаж салонын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz сілтеме жасап.

Ол Таугүл-3 ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде сауықтыру кешенінің атын жамылған боди-массаж жасайтын салон ретінде жұмыс істеген.

Полиция ғимараттың барлық бөлмелері клиенттерді қабылдау үшін арнайы жабдықталғанын атап өтеді.

Тексеру барысында «жұмыс орнында» бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды.

«Олар жеке басын анықтау және біздің жазбалар бойынша тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы К.есімді азаматша жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимараттың иесін міндетті түрде анықтаймыз. Бұл да заңға қайшы әрекет», – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Серіктес жаңалықтары