20.06.2023, 23:48
Қоғам
Абай облысындағы трагедия: Юрий Ильин куәгер ретінде тергеліп жатыр
Аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған
Фото: www.gov.kz
Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты тергеуге тартылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу ісінде Юрий Ильин мырзаның мәртебесі қандай?», деп сұрады журналистер Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.
Берік Асыловтың айтуынша, аталмыш тергеуде экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмаған.
«Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Яғни, оның ешқандай мәртебесі жоқ – куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Бас прокурор.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
