20.06.2023, 20:04
Қоғам
Астанадағы өрт қашан толық сөндіріледі - министр жауап берді
Елорда маңындағы қызыл жалын ауыздықталғанымен, толық сөнген жоқ
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Мәжілістің кулуарында елорда маңындағы өртке қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Астанадағы өртті толық сөндіру үшін біраз уақыт керек. Қазір онда 200-ге жуық адам мен техника бар. Олар кезекпен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Осы жеткілікті. Өртті толық сөндіруге шамамен 1-2 апта керек болуы мүмкін. Барлығы сыртқы факторға байланысты. Сондай-ақ біздің құрылым мен жауын-шашынға байланысты», - деді министр.
Еске салсақ, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 80 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды