Үш жылда еріктілер саны 3 есеге көбейді - вице-министр
Форумға еліміздің әр өңірінен іріктеуден өткен еріктілер келді
Елордада Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Волонтерлар форумның өту себебі Мемлекет басшысы БҰҰ-ның мінберінен келер жылдары Халықаралық волонтерларды жинау жылы деп белгілеу бастамасы болған. Соған байланысты өткен жылы Орталық Азия волонтерлар форумы өтті. Осы жылы Халықаралық форум өтіп жатыр», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров.
Вице-министрдің айтуынша, форумның басты мақсатының бірі - еліміздің өңірлік көшбасшы ретінде басқа елдермен тығыз байланыс орналастыру.
«Ақпарат, тәжірибе алмасу. Халықаралық деңгейде тұрған мәселелерді бірге шешу. Өткен жылы Мемлекетт басшысы «Волонтерлік қызмет жөніндегі» заңға қол қойды Ол заңда волонтерлік қызметтің елімізде қолайлы жұмыс жасауына жағдайлар жасалған. Негізі еріктілердің оқуға түсу кезінде, жұмысқа орналасу барысында басымдық беріледі. Қазір волонтерлық ұйымдарға қоймалар керек. Сол қоймаларды жергілікті атқарушы органдар арзан бағамен не болмаса тегін беруге заңды тетіктер берілген. Еліміздегі волонтерлық қызметтің дамуына үлкен мән беріліп жатыр.
Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлердің саны 3 есеге көбейді», - деді ол.
Қадыров атағандай, 2019 жылы волонтерлық ұйымдардың саны 50-ден асқан болса, қазіргі таңда бұндай ұйымдардың саны 682-ге жеткен.
«Еріктілердің жалпы саны 2019 жылы 50 мың волонтер болса, қазіргі таңда 200 мыңнан асып отыр», - деді ол.