$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қоғамға қызмет ету қашаннан қанымызға сіңген асыл қасиет - Абаев

Астанада Халықаралық волонтерлар форумы өтіп жатыр

Қоғамға қызмет ету қашаннан қанымызға сіңген асыл қасиет - Абаев

ТМД бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев Халықаралық волонтерлар форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Волонтерлық - қоғамның әр саласындағы түйінді, түйткілді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік институт. Еріктілер қоғамының белсенділігі қоғамның жетілуін, оның даму деңгейі мен өздігінен ұйымдаса алу қабілетін көрсетеді. Қазақ халқында «Жақсылық болған жерде, тапшылық болмайды» деген керемет мақал бар. Бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып қоғамға қызмет ету - қашаннан қанымызға сіңген асыл қасиет», - деді Абаев.

Оның айтуынша, қайтарымсыз қызмет ету мен игі істерге барлық халық жақын.

«Әлем бойынша волонтерлық қызметке 150 млн адам өз еркімен атсалысады. Бұл кәмелетке толмағандарды қоспағандағы нәтиже. Пандемия кезінде волонтерлардың маңызы мен өзектілігі артты. Осыдан кейін олардың қоғамдағы орны айшықтала түсті», - деді ол.

Айта кетейік, халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер катысып жатыр. Форум екі күнге созылады.

Серіктес жаңалықтары