Семейде орман өртімен күрескен батырларға алғыс баннері пайда болды
«Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы орман өртімен күрескен отандастарына алғысын ерекше акция арқылы білдірді
Семей қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына орман өртімен күрескен батырларға алғыс банері ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы Абай облысындағы орман өртімен күрескен отандастарына алғысын ерекше акция арқылы білдірді.
«Табиғи апаттармен күресу — оңай шаруа емес. Осы қауіпті миссия Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерінің және өрт сөндірушілердің мойнында болды. Біз бүкіл елмен бірге жанкешті өрт сөндірушілерге алғыс білдіріп, оларға қолдау көрсеттік. Олардың құрметіне, 150 шаршы метрден астам аумақта «Батырларымызға мың алғыс!» атты үлкен баннер ілдік. Өртті сөндіруге атсалысқан барлық мамандарға бүкіл халықтың атынан алғысымызды білдіргіміз келді», - дейді жастар қозғалысының белсендісі Мейіржан Ғарифоллаев.