Астанадағы өрт: премьер-министр қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
Төтенше жағдайлар министрі Әлихан Смайыловқа Астана маңындағы өртенген қамысты сөндіру туралы ақпарат берді
Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өртенген қамысты сөндіру туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ басшысының айтуынша, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр. Абырой болғанда тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылған. Қатты соққан жел, батпақты жер, сондай-ақ техника өтетін жол болмағандықтан тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмай тұр.
Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министріне арнайы күштер мен техника жұмылдыру жұмыстарын күшейтіп, тілсіз жауды ауыздықтауға қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.