$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2023, 17:18
Қоғам

Енесін зорлаған 54 жастағы павлодарлық тұрғынға сот үкімі шықты

Қылмыстық іс жабық режимде қаралды

Енесін зорлаған 54 жастағы павлодарлық тұрғынға сот үкімі шықты
Фото: turkystan.kz

Павлодар қалалық № 2 сотында енесін зорлаған 54 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Полицияға жәбірленушінің қызы арыз түсірген. Тергеу барысында жүргізілген сараптама ер адамның кінәсін дәлелдеді.

«Қылмыскер жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған. Сараптама нәтижелеріне қарамастан, айыпталушы өз кінәсін мойындамады», - делінген Павлодар қалалық № 2 сотының үкімінде.

Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55-бабын қолдана отырып, Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Одан бөлек ол жәбірленушіге моральдық залалдың өтемі ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары