$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2023, 13:03
Қоғам

«Қызметкерлер жалақысыз жүретін»: ғалымдар құрылтайдан кейін жағдайларының қалай өзгергенін айтты

Ұлттық құрылтай нақты проблемаларды шешудің тетігі

«Қызметкерлер жалақысыз жүретін»: ғалымдар  құрылтайдан кейін жағдайларының қалай өзгергенін айтты

Былтыр Ұлытауда өткен алғашқы құрылтайдан кейін ғалымдардың бірқатар мәселесі шешілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тілді зерттеп жүрген ғалымдар осы жолғы Ұлттық құрылтай ғылымдағы нақты проблемалардың тағыда шешім табуына түрткі болады деп сенеді.

«Алғашқы құрылтайдан кейін Президент жанынан ғылым және технологиялық саясат комитеті құрылды. Ұлттық ғылым академиясының ғылыми мәртебесі қайтадан қайтаралып, ол ресми түрде мемлекеттің қамқорлығына алынып, Президент жанынан ҚР Ұлттық академиясы құрылды. Академияның барлық инфроқұрылымы, оның материалдық-техникалық базасы өзінің деңгейінде жасақталуы керек қой. Осы мәселе алға шығарылып, талқыланды. Тағы өзімнің қатты қолдаған ұсынысым, Асқар Жұмаділдаевтың «Қазақ ғылымы қазақ тіліне қарыздар» деген идеясы. Яғни, қазақ ғылымы қазақ тілінде дамуы керек. Тек гуманитарлық бағыттағы тіл білімі, тарих, әдебиет, философия сияқты ғылымдар ғана қазақ тілінде жасалмауы керек, сонымен бірге технологиялар, техникалық инжинерия, жаратылыстанулық: биология, химия, физика деген сияқты салалар түгел қазақ тілінде жасалуы керек. Осы мәселені екінші рет өтіп жатқан Ұлттық Құрылтайда көтерілді және оның шешу жолдарын Асқар Жұмаділдаев  ұсынды», - деді А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институының директоры Анар Фазылжанова. 

Ал алғаш рет өткен Ұлттық құрылтайдан кейін ғалымдардың материалдық жағдайы шешімін тауыпты. Ғылымда жүрген қызметкрелер  тұрақты айлық алатын болған. Бұл жолғы жиын барысында да тілді дамытудың өзекті мәселелері талқыланған. 

«Мемлекеттік тіл туралы мәселелер де көтерілді. Мәселен, академик Кәрімбек Құрманалиев казіргі қолданыстағы заңдардың өзі іс жүзінде жүзеге асырсақ, біраз нормативтік базасын жақсартар едік деген ұсыныс айтты. Қолданыстағы заңда мемлекеттік тілді қорғайтын нормативтік баптар бар. Солардың өзін жүзеге асыра алмай отырмыз.  Тіл ғылымындағы қазіргі жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып үлгірдім. Мәселен, қазір қазақ тілі цифрлық кеңстікке сапалы деңгейде шығуы керек. Ол үшін тіл мамандары мен IT мамандарының мықты тандемі болуы керек. Мысалы, Яндексті алайық. Оның «Алисасы» телефон арқылы тірі адам секілді сөйлеседі. Міне сол  «Алисаны» жасамас бұрын, орыс тілінің ұлттық корпусы деген ақылды мәтіндер базасын жасады. Соның операторы болды. Лингвистикалық бүкіл тілдің құрылысын көрсететін корпусты жасады. Біздің Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты қазақ тілінің ұлттық корпусын жасап жатыр. Ол жерде 30 миллионнан астам сөз бар. Тіл базасы бар. Базаны әлі кеңейту керек. Алға қойған мақсаттар көп. Мен осы туралы айттым, ағылшын тілінің корпусында 2 млрд-қа жуық мәтіннің ақылды базасы бар. Орыс тілінің корпусында 1 млрд-қа жақындап қалды. Жапон, корей тілінің корпусы да осындай нәтижелерге жетті. Мен бүгінгі жиыннан халықтың көкейінде жүрген осындай мәселелердің шешімін күтемін. Институт ғалымдары жалақыларын бұрын конкурсқа қатысып,  жобаны ұтып алса ғана алатын. Қазіргі кезде ғылым-зерттеу институттарының ғалымдарына тұрақты жалақы берілетін болды. Конкурстан жоба өтсе,  бізде жалақы болады,  өтпесе,  айлық болмайтын. Президент ғалымдардың барлығында тұрақты жалақы болу керек деп тапсырма берген соң,  биылдан бастап арнайы қаржы бөлінді», - деді институтының  директоры.

Серіктес жаңалықтары