Бақыт Сұлтанов: Қазақстандықтар ірі сауда нысандарына маскамен ғана кіргізіледі
Министрдің айтуынша, ірі сауда орындары барлық кіріп-шығатын есіктерге тепловизор орнатуы керек
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте азаматтар ірі сауда нысандарына маскамен ғана кіргізілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ірі сауда нысандары бірнеше талапты сақтауы керек. Біріншіден, өз аумақтарына келушілерді тек маскамен ғана жіберулері тиіс. Келушілерде маска болмаса тегін маска ұсынып, коронавирустың алдын алу бойынша жадынама таратулары қажет. Екіншіден, барлық кіріп-шығатын есіктерге тепловизорлар орнатуы керек», - деді министр.
Оның атап өтуінше, ірі сауда нысандары, оның ішінде азық-түлік базарлары сағат 10-нан 18-ге дейін, азық-түлік емес тауарлар сататын базарлар сағат 11-ден 17-ге дейін жұмыс істейді.