$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2023, 06:25
Қоғам

Павлодар облысында субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады

«Төрт жастағы бүлдіршіннің өміріне еш қауіп жоқ», - дейді дәрігерлер
 

Павлодар облысында субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады
Фото: Ашық дереккөзден

Оқыс жағдай Павлодар облысында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап. Ақсу қаласының орталығындағы субұрқаққа шомылған төрт жасар  қызды тоқ соққан. Ересектердің рұқсатынсыз өз бетімен демалыс саябағына келген үш балақай  аптап ыстықта салқындап алмақ болған. Сол кезде олардың арасындағы ең кішісін тоқ ұрған. Шенеуніктер: «барлық электр жүйесі қосылған генератор субұрқақтан жеті метр жерде тұрған. Ал оған қалай су тигенін тергеу анықтайды», - дейді.

«Ересек балалар субұрқақтан айғайлап секіріпсекіріп шығып кетті. Суда кішкентай үш қыз қалып қойды.Ең кішісі тқұбырдың үстінде ес-түзсіз жатты. Мен қолымды созып едім, мені де тоқ соқты. Әйтеуір алып шықтық. Жедел жәрдем шақырдық», - дейді  оқиға куәгері Александра Морозова. 

Ал дәрігерлертің айтуынша, бүлдіршіннің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

«Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызылған қыз балаға түрлі терапиялық ем шаралар жасалды. Жүрегі тексерілді. Денсаулығынан ешқандай патология табылған жоқ. Содан кейін педиатрия бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы бір қалыпты, денсаулығы жақсарып қалды десе болады. Ешқандай ауырсыну жоқ. Денесінде күйік ізі жоқ», - дейді Ақсу ауруханасының бөлім меңгерушісі Айдана Төлеутай. 

Серіктес жаңалықтары