$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2020, 12:49
Қоғам

Жолаушы вагондары 4 рет дезинфекцияланады – ҚТЖ

Компания қатарында коронавируспен ауырғандар жоқ

Жолаушы вагондары 4 рет дезинфекцияланады – ҚТЖ

Мәскеу – Нұр-Сұлтан және Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген. COVID-19 бойынша тест олардың індет жұқтырмағанын көрсетті. Дей тұрғанмен, олар қазір үй карантинінде. Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да коронавируспен ауырғандар жоқ, деп хабарлады  компанияның баспасөз қызметі.

Қаңтар айынан бастап,  ҚТЖ коронавирустың алдын алу шараларын қабылдады. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Достық станциясына дейін Алматы – Үрімші және Нұр Сұлтан – Үрімші жолаушылар пойыздарының жүру бағыттары қысқарды. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарында көрнекі ақпараттар мен жадынамалар,  фирмалық және коммерциялық пойыздардың мультимедиялық порталдарында коронавирустың алдын алу жөніндегі бейнероликтер орналастырылған. Жол жүру барысында зарарсыздандыру құралдарын қолдана отырып, 4 реттен кем емес ылғалды тазарту жүргізіледі. Пойыздарда ауру анықталған жағдайда зарарсыздандыру құралдары, медициналық маскалар және өзгелері (шүберек, шелек, есепке алу дәптері) қарастырылған»,- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары