$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2023, 16:50
Қоғам

Ақмола облысында жазасын өтеуші түзету мекемесінің қызметкеріне пара ұсынған

Сотталған азаматтың бас бостандығынан айырылу жазасына тағы екі жыл қосылды

Ақмола облысында жазасын өтеуші түзету мекемесінің қызметкеріне пара ұсынған

Атбасар қаласының түзету мекемесінде жазасын өтеуші қызметкерге пара бермек болған. Сотталған азамат отряд бастығына ақшалай сыйақыға 10 ұялы телефонды мекеме ішіне заңсыз кіргізу туралы ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облыстық сотына сілтеме жасап.

Мекеме қызметкері сотталушыға оның әрекеттері заңсыз екенін ескертіп, бұл туралы басшылыққа хабарлаған.

Келесі күні отряд бастығы сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдау кезінде, оған жазасын өтеуші қайтадан жүгініп, сотталғандар арасында ұялы телефондарды сату арқылы бірлескен табыс жобасын айтып, үстелге 80 000 теңге қойған.

Алайда, сотталғанның іс-әрекеті әшкерленіп, оның ісі құқық қорғау органдарына жіберілді.

«Сот үкімімен «Л.» Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігі (Пара беру) бойынша кінәлі деп танылды және оған 2 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды, бұрынғы үкіммен жазаның өтелмеген бөлігі қосыла отырып - 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар тарапынан бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сот отырысына онлайн тәртібінде мекемеде жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ Атбасар ауданында пробациялық бақылауда тұрған адамдар қатысты», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары