Көкөніс пен жемістегі нитраттардан қалай сақтануға болады – мамандар кеңесі
Нитрат – өсімдіктердің өсуін тездететін заттар
Бүгінгі таңда нитраттар барлық дерлік көкөністер мен жемістерде әртүрлі мөлшерде кездеседі. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары тұрғындарға нитраттардан қалай қорғануға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нитраттар – өсімдіктердің өсуін тездететін заттар. Сонымен қатар егер тыңайтқыштар тым көп мөлшерде қолданылса, онда өсімдіктерде нитраттардың деңгейі нормадан едәуір асып кетуі мүмкін, бұл өз кезегінде ағзаның улану қаупін төндіреді.
«Нитраттар тек жоғарғы жапырақтарында ғана емес, ішінде де жиналатын көкөністер бар. Осындай көкөністердің бірі – қырыққабат. Қолданар алдында жапырақтардың сыртқы екі қабатын алып тастау керек, содан кейін бірнеше сағат бойы суға батыру керек. Әрине, бұл сіздің бақшаңызда өсірілген немесе сенімді адал сатушылардан базардан сатып алынған қырыққабатқа қатысты емес», - дейді СЭБК өкілдері.
Сонымен қатар шалғам, қызылша, шомыр сияқты көкөністерде жоғарғы және төменгі бөлігін алып тастаған дұрыс, самсардың сабағында орналасқан жоғарғы бөлігін кесу керек.
«Қызанақ пен бұрышта зиянды заттар сабақтың жоғарғы бөлігінде жиналады, оны кесіп тастау керек. Жасыл пиязда нитраттар тамырға шоғырланған, оны алып тастау керек.
Көптеген көкөністер мен жемістер зиянды заттарды беткі қабатта жинайды. Кәді, картоп, алма, алмұрт және қиярды тұтынар алдында оларды қабығынан тазарту керек. Сәбіздің ортасын жеуге болмайды, бұл қауіпті. Сондай-ақ, зиянды заттар құйыршықта жиналады, оны алып тастау керекә, - деп кеңес береді эпидемиолог мамандар.
Егер картоптың, қиярдың, кәдінің қабығының астында сары дақтар болса, онда бұл нитраттардың көп екенін көрсетеді.
«Көптеген адамдар, әсіресе балалар ерте піскен қарбыздармен уланатынын атап өту керек. Өйткені, қарбызды ерте кезеңде «химиясыз» өсіру өте қиын. Химиялық тыңайтқыштардың арқасында сыртқы және ішкі жағынан да түрі керемет көрінеді, сондықтан ол сатып алушыларды өзіне тартатады», - дейді мамандар.
Олардың айтуынша, барлық ерте піскен жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында ағынды суға 30-40 минут салып қойған жөн. Ал нитраттардан ең жақсы қорғаныс – көкөністер мен жемістерді маусымға сәйкес тұтыну.