$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2023, 18:48
Қоғам

Электр самокаттардың жылдамдығын саябақ аумағында автоматты түрде бәсеңдетуге болады

«Жол қауіпсіздігі саласындағы цифрландыру және жаңа технологиялар» форумында көлік құралын бақылауға қатысты ұсыныстар айтылды

Электр самокаттардың жылдамдығын саябақ аумағында автоматты түрде бәсеңдетуге болады
Фото: Polisia.kz

Заң жобасы күшіне енгеннен кейін самокаттарды жаңа технологиялар арқылы бақылаудың мүмкіндігі жан-жақты қарастырылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Мәжілісте қабылданған құжат аясында бұдан былай электр самокаттар тротуарда және жаяу жүргіншілер жолағында жүре алады. Дегенмен, олардың жылдамдығы сағатына 6 шақырымнан аспауы тиіс.

«Заң жобасы күшіне енгеннен кейін самокаттарды жаңа технологиялар арқылы бақылаудың мүмкіндігін жетілдіреміз», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Ал осы ретте сергекті жасаушылар: «Самокаттардың жылдамдығын қадағалауға, одан қалды көлік құралын тізгіндеген адамның деректерін анықтауға да сергек камераларының мүмкіндігі жетеді», - деп отыр.

«Бізде қазір разработка жүріп жатыр. Бірақ бүгінгі күнде біз заңды күтудеміз. Өйткені нақты заң жоқ. Самокатты жалға беретін компания мен Үкімет сол заңды шығарғаннан кейін біз программалық жүйені реттейміз. Иа самокаттарда номер жоқ, бірақ самокаттарды жалға беретін фирмаларда сол самоктатардың Jps кординатасы бар. Және де біз сол самокатты камераға түсірсек, сол жүйе арқылы біз оның кім екенін анықтай аламыз», дейді Sergek Group бас директоры Әсет Ахметов.

Серіктес жаңалықтары