21.05.2023, 15:10
Қоғам
Сальвадордағы матч кезінде бірнеше адам тапталып қайтыс болды
Футбол матчы кезінде кептелістің салдарынан бірнеше адам тапталып марқұм болды
Ел астанасындағы «Кускатлан» стадионында «Альянс» және ФАС клубтарының матчы кезінде дүрбелең болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Жергілікті полицияның хабарлауынша, матч көруге келгендердің дені жалған билет алып, ұрынып қалған.
Нәтижесінде алданған жанкүйерлер матчқа жіберілмеді, олар трибуналарға басып кіруге тырысқан. Салдарынан 9 адам қаза тапты, ондаған адам түрлі жарақат алды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
