21.05.2023, 16:56
Қоғам
Ақтөбе облысында оқушылар мінген автокөлік жол апатына түсті
Ақтөбе облысында Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында жол апаты болды
Аудан орталығының көшесінде «Нива» және «Лада Приора» автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.
«Нива» салонында кәмелетке толмаған бес бала болған, рөлде ауыл тұрғыны отырған. Жол апаты салдарынан 12 жастағы қыздың бұғанасы сынған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Балалар көлікке ата-аналарының рұқсатымен мінгені белгілі болды. Спорт басқармасы оқушылардың жарысқа бармағанын хабарлады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)