$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2023, 07:16
Қоғам

Балқашта мектеп оқушысы полицияға террористер туралы жалған хабар берген

Оқушы ата-анасымен және мектеп қызметкерлерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді

Балқашта мектеп оқушысы полицияға террористер туралы жалған хабар берген
Фото ашық дереккөзден

Мектеп оқушысы Балқаш полициясына террористер туралы хабарлаған. Хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгін Балқаш қаласының полициясына белгісіз адам хабарласып, мектептердің бірінде террористердің жүргендігі туралы айтқан. Оқиға орнына полиция органдарының жедел-тергеу тобы мен өзге де жедел қызметтердің өкілдері жетті. Абырой болғанда, ақпарат расталмады», – деді ІІМ экстремизмге қарсы күрес департаментінің бірінші басқарма бастығы Алмас Талқанбаев.

Тәртіп сақшылары мектептің сегізінші сынып оқушысын анықтады. Ол дене шынықтыру сабағында өзінің сыныптасының телефонын алып, ойын ретінде полицияға террористер туралы көрінеу жалған ақпарат берген. Оқушы ата-анасымен және мектеп қызметкерлерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін баланың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Айта кету керек, мұндай шақыртуларға барлық шұғыл қызметтердің мамандары жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджетке үлкен шығын келтіріледі,

Серіктес жаңалықтары