$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2020, 14:23
Қоғам

АШМ: Жеміс-жидекте коронавирустың сақталуы 3-4 күн

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті

АШМ: Жеміс-жидекте коронавирустың сақталуы 3-4 күн

Журналистер Ауыл шаруашылығы министрінен Қазақстанның батыс өңіріне Ираннан жеміс-жидек көп келетіні, ал, Иранда коронавирус тіркелгені туралы сұрады. Министр Иранмен шекара жабылмағанын, бірақ жеміс-жидектің бәрі дәріленетінін айтты.

«Ғалымдардың айтуынша, жеміс-жидекте, азық-түлік тауарларында коронавирустың сақталып қалу мерімі 3-4 күннен аспайды. Сіз «Иранмен шекара жабылды ма?» деп сұрап жатырсыз, Иранмен шекараны жапқан жоқпыз. Бірақ күшейтілген тексеру қойылған. Тек Иранмен ғана емес, барлық шекарада күшейтілген тексеру қойылды. Келіп жатқан барлық өнімге фумигация  жасап жатырмыз. Фумигация - келген өнімдердің бәріне дәрілеу жұмыстарын жүргізу деген сөз», - деді АШМ басшысы.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары