Алматы әкімі муралдар дауына қатысты пікір білдірді
Алматы әкімі тұрғындармен кездесу барысында муралдарға қатысты дауға пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ерболат Досаев қаланың келбеті жеке компаниялардың шешімдерінен зардап шекпеуі үшін тәуелсіз көркемдік сараптама жасауға бола ма деген сауалға жауап берді.
Оның айтуынша, муралдарғаресми мәртебе берілмесе, туындаған мәселелер өздігінен шешілмейді.
«Қазіргі уақытта Алматының дизайн-кодын әзірлеу аяқталуда, онда мұралдар бөлініп, жарнаманы орналастыруға және өзгерістерге байланысты мәселелер қала құрылысы және урбанистика басқармасымен келісілуі тиіс», - деп атап өтті шаһар басшысы.
Өкінішке қарай, Coca-cola жарнамасына қатысты мәселе ЖПБ салдарынан болған.
«Өкілдер өзара шартқа қол қойып, қосымша 1,5-2 млн теңге алады, ал компания үйдің қабырғасында жарнама орналастырып, оны «ол біздікі» деп хабарлаған. Расында да, бүгінде муралдарды не істеуге болатыны туралы нақты ережелер жоқ», - деді Е. Досаев.
Оның нақтылауныша, қалада әртүрлі: қорғалуы керек көркем шығармалар, бірақ бір уақытта әртүрлі себептермен пайда болған муралдар бар.
«Олар қаланы безендіріп тұрмайды. Біз аудандар бойынша муралдардың тізімін жасаймыз және анықтаймыз. Муралдарды заңдастыру қажет. Біздің қаладағы ғимараттардың бос сұр қабырғалары көрікті толы болуы үшін суретшілермен жұмыс жасаймыз. Мен бұған көмектесуге дайынмын», - деді ол.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда Жібек жолы мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан үйдегі қар барысы бейнеленген қабырға суретіне Coca-Cola жарнамасы ілінген болатын. Алматылықтар бқл өзгеріске наразы болған еді.