$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2023, 08:37
Қоғам

«Жер аманаты» жұмысын Алматы облысының Райымбек ауданынан бастады

Жыл басынан бері аудандағы 17 448 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

«Жер аманаты» жұмысын Алматы облысының Райымбек ауданынан бастады
Фото: facebook.com/daulet.karibek

«Жер аманаты» комиссиясы жұмысын Алматы облысының Райымбек ауданынан бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек мәлім етті.

«Жыл басынан бері Райымбек ауданының пайдаланылмай жатқан 17 448 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды», - деп атап өтті Дәулет Кәрібек.

Оның ішінде:

  • Ұзақ батыр ауылдық округіне карасты Шәлкөде жайлауынан 4200 га;
  • Шалкөде ауылдық округінен 2000 га;
  • «NAC Product» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінін 535 га;
  • «Хан тәңірі» ЖШС - 5141,1 га;
  • «Ажарагро» ЖШС - 959 га;
  • «Сафари Тау Шелек» ЖШС 2619 га;
  • «Агро Алатау» 407 га;
  • «А and Сompany» 250 га;
  • және жеке тұлғалардан 1337 га жер учаскелері сот шешімі арқылы кайтарылды.

Ал «A and D» company ЖШС-не қарасты 1500 га жер учаскісін қайтару үшін Ауылшаруашылығы министрлігі Жер комитеті мен аудандық әкімшілікпен бірлесе отырып, тиісті актілер толтырылып, хабарлама жіберілді.

«Оған қоса, 18 000 га жер телімін қайтару бойынша жұмыстар жүруде. Оның ішінде «Шиндал-Сан» – 3500 га, Қуат ЛтД ЖШС – 14000 га, «Tengri Land» ЖШС-нің 400 га жерін қайтару үшін Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды», - деп атап өтті «AMANAT» Хатшысы.

Серіктес жаңалықтары