$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2023, 07:14
Қоғам

Маңғыстауда оба ауруына қарсы вакцинация жүріп жатыр

Өңірде 13 мыңнан астам адам обаға қарсы екпе алады деп жоспарланған

Маңғыстауда оба ауруына қарсы вакцинация жүріп жатыр

Бүгінде облыс халқының 70 пайызы екпе алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оба дерті жазда өршиді. Сондықтан вакциналау жыл сайын көктем мезгілінде басталады. Екпе аурудың алдын алуға көмектеседі. Әсіресе далалық жерде жұмыс жасайтын азаматтар, медицина саласының қызметкерлері, ветеринарлар мен жедел жәрдем қызметкерлері міндетті түрде екпе алады. Адам екпе алмас бұрын дәрігер тексерісінен өтуі тиіс. Айта кетейік, облысымызда соңғы 20 жылда оба ауруы тіркелмеген. Бұл - індеттің алдын алу іс-шараларының нәтижесі деп білеміз», - дейді Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Көркінбаева.

Вакцинация мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары