11.05.2023, 08:01
Қоғам
Қоңқабаев бокстан әлем чемпионанында жүлдесіз қалды
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев кезекті кездесуін өткізді
Отандасымыз бұл жолғы қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған отандық боксшы ширек финалда Өзбекстанның атақты боксшысы, Олимпиада және әлем чемпионы, Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы Баходир Джалоловпен жұдырықтасты.
Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен өзбек былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Осылайша, Токио Олимпиадасының жүлдегері, екі мәрте әлем біріншілігінде күміс медаль жеңіп алған Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі байрақты бәсекенің жартылай финалына шыға алған жоқ.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады