10.05.2023, 07:20
Қоғам
Атыраулық жігіттер Африканың ауылына құдық сыйлады
Бұған дейін мақаттықтар Камерундағы жетім балаларға ауызашар жасап берген
Атырау облысындағы Мақат ауданында тұратын жас жігіттер Камерун ауылына құдықтың құрылысын төлеп берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy АқЖайық порталына cілтеме жасап.
Бұған дейін мақаттықтар Камерундағы жетім балаларға ауызашар жасап берген. Бірақ осы іспен шектелген жоқ. Рамазан айы аяқталмай жатып, арнайы есепшот ашты. Соған Африканы қолдауға ақша жинай бастаған. Есепшотқа 500 мың теңге түсті. Бұл ақша Африкадағы қуаң жерлердің бірінде құдық қазып беруге жетті.
Құрылыс жұмыстары 4 сәуірде басталған болатын. Ал 4 мамырда құдықты салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды