Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалға өтті

Azattyq Rýhy

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр

Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалға өтті

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дулат Бекбауов ширек финалға өтті, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасты.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі басымдықты үндістандыққа берді. Екінші кезеңде қапталдағы бес қазы түгелдей Дулатты басым деп тапты. Қорытынды есеп те солай болды – 5:0.

Осылайша, Дулат Бекбауов та ширек финалда бақ сынайтын болды.

Еске сала кетейік, бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты.

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды.

Махмұд Сабырхан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.