09.05.2023, 12:44
Қоғам
Астанадан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы шұғыл қонды
Әуе кемесі Атырауға шұғыл қонған
Астана-Ақтау рейсі бойынша көтерілген FlyArystan әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Атырауға шұғыл қонды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«FlyArystan 08.05.2023 жылы сағат 23:30-да ұшатын Астана-Ақтау KS7375 рейсі Ақтаудағы қолайсыз ауа райына, атап айтқанда, қою тұманға байланысты Атырауға шұғыл қонды. Атыраудан ұшып шығу жергілікті уақыт бойынша 09.05.23 сағат 06:40-та жоспарланған», - делінген хабарламада.
Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуекомпания кінәсінен емес және бақылаудан тыс болды, деп түсіндірді FlyArystan.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды