Алматыда ҰОС ардагерлеріне қандай қолдау көрсетіледі?
Жеңіс күніне орай 13 290 алматылық әлеуметтік төлем алады
Жеңіс күніне орай жалпы сомасы 975,4 млн теңгенің әлеуметтік төлемдерін 13 290 алматылық алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап ҰОС ардагерлері келесі бағыттар бойынша тегін медициналық көмек алуда:
- Жалпы практика дәрігерлері мен нақтылы мамандардың кеңейтілген тексеруі;
- Жалпы клиникалық талдауларды алу;
- Көрсеткіштер бойынша тексеру, оның ішінде ЭКГ, УДЗ, КТ және МРТ;
- Стационарда оңалту, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу;
- Стоматологиялық көмек.
2023 жылдың басынан бері 4 ай ішінде ТМККК және МӘМС аясында ҰОС-ның 3243 қатысушысы және оларға теңестірілген адамдар кеңейтілген медициналық тексеруден өтті. Жыл соңына дейін осы санаттағы алматылықтардың 100% - ы кеңейтілген медициналық тексеруден өтеді.
Барлық жүре алмайтын науқастарды ай сайын учаскелік дәрігерлер немесе медбикелер тексереді. Дәрі-дәрмектерді үйге тегін жеткізу ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін 3900-ден астам өздігінен жүре алмайтын пациент үйінде толық медициналық тексеруден өтеді.
Стоматологиялық көмек, оның ішінде тіс протездеу, ағымдағы жылдың басынан бастап 673 пациентке көрсетілді. Осы мақсаттар үшін ҰОС ардагерлерінің қалалық емханасына 2023 жылға Алматы бюджетінен 27 млн теңге бөлінді.
Барлық медициналық ұйымдарда ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға үнемі естелік сыйлықтар мен азық-түлік себеттері тапсырылады.
Сондай-ақ, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік қызметтің мамандары ардагерлерді тұрақты аралайды, соның нәтижесінде оларға қандай көмектер қажет екенін анықтайды және оны атаулы түрде көрсетеді.
- Жөндеу және монтаждау жұмыстары;
- Тұрмыстық құрылғыларды алуға көмек көрсетіледі;
- Нүктелі материалдық көмек;
- Заңгерлік және басқа көмек.
Мысалы, Наурызбай ауданының ардагерінің кіреберісінің ағаш терезелері жаңасына ауыстырылып, есігінің алдына жаңадан асфальтт төселді. Алатау ауданының ардагеріне 1,5 млн теңгеге су құбыры мен кәріз желісін тарту жұмыстары жүргізілді. Өтініштер әртүрлі және ешқайсысы назардан тыс қалмайды.
Аға буын алматылықтардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жүйелі түрде арттыру үшін мегаполисте 50 мыңнан астам адамға тегін әлеуметтік қызмет көрсететін белсенді ұзақ өмір сүрудің 9 орталығы жұмыс істейді. 2023 жылы тағы бір осындай орталық ашу жоспарланып отыр.
Биыл қалалық мәслихат депутаттарының шешімімен ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға біржолғы көмек сомасын ұлғайту мақұлданды.
«Өкінішке орай, соғыс ардагерлері азайып барады. Алматыда 56 ардагер тұрады. Мен олардың барлығы өз мерекелерін аман-есен қарсы алғанын қалаймын және біз оларды құттықтауға мүмкіндік алдық. Көмек туралы: қаражат қарастырылған, біз әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық, депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден төлеу үшін тағы бес жүз мың теңге қосуды сұрадым», – деді қала әкімі атаулы күнге төлем сомасын ұлғайту бастамасына түсініктеме бергенде.
Біржолғы әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 85,5 млн теңгені құрайды
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдарға да 100 мың теңгеден біржолғы төлемдер қарастырылған. Еңбек майданының қатысушылары, ҰОС қатысқан бірақ қайтыс болған ардагерлер мен мүгедектердің әйелдері 50 мың теңгеден алады.
Жеңіс күніне орай жалпы сомасы 975,4 млн теңгенің әлеуметтік төлемдерін 13 290 алматылық алады.