$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.05.2023, 17:43
Қоғам

Павлодарда кәсіпкерге құжатты кеш берген әкімдік қызметкеріне айыппұл салынды

Мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде қаралатын өтінішті 102 жұмыс күн қараған

Павлодарда кәсіпкерге құжатты кеш берген әкімдік қызметкеріне айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Павлодарда кәсіпкерге құжатты кеш берген әкімдік қызметкеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кәсіпкер жер мәселелері бойынша Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, мәселені зерделеу барысында кәсіпкер 2022 жылғы 10 қарашада Павлодар қаласының жер қатынастары бөліміне Ломов көшесі, 201/6 мекенжайында орналасқан жер учаскесін алуға өтініш берілгені анықталды.

«Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу сауда-саттықты өткізуді талап етпейді және үш жұмыс күні ішінде қаралады. Алайда, мемлекеттік орган өтінішті 102 жұмыс күн қараған», – дейді департаментте. 

Нәтижесінде рұқсат құжатын беру мерзімін бұзғаны үшін жер қатынастары бөлім басшысына ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабының 3-бөлігіне сәйкес 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары