27.04.2023, 23:23
Қоғам
Юлия Путинцева Мадридте әлемнің бесінші ракеткасынан жеңіліс тапты
Ол Ролан Гаррос турнирінің екі дүркін чемпионы франциялық Каролин Гарсияға жол берді
Қазақстандық теннисші, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Отандасымыз екінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, Ролан Гаррос турнирінің екі дүркін чемпионы, франциялық Каролин Гарсиямен бақ таластырды.
Бірінші партияда франциялық спортшы брейк жасап, өз пайдасына шешті - 6:3.
Екінші сетте Каролин 3:0 есебімен алға кетті. Юлия есепті 3:4-ке дейін қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді - 4:6.
Бір сағат 35 минутқа созылған кездесуде К.Гарсия 18 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Ю.Путинцева 4 эйс, 1 брейктен (8 брейк-пойнт) ойынды тамамдады.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды